Кері қоңырауға тапсырыс беру
Кері қоңырауға тапсырыс беру
Қоңырау шалудың ыңғайлы уақтын көрсетіңіз.
от до
*-толтырылуы міндетті жолдар
Қазақстан бойынша тегін қоңырау 8 800 080 31 31
Seven Rivers Capital
Есепшот ашу үшін тапсырысты толтырыңыз және біздің клиентіміз болыңыз

Халықтық IPO

Қазақстандағы Халықтық IPO туралы 10 сұрақ


1. Халықтық IPO деген не?


IPO (ағылшын тілінен Initial Public Offering) – қандай да бір компанияның акцияларын бастапқы қоғамдық сатуға ұсынысы. Бұл жағдайда «бастапқы» сөзі компанияның өзінің акцияларын биржаға алғашқы рет шығарып отырғандығын білдіреді.
«Халықтық» деген қосымшасы бұндай IPO жағдайында сатуға шығаратын акциялардың ең алдымен эмитент - компаниялар қызмет ететін елдің тұрғындарына ұсынылатындығын білдіреді. Әдетте, халықтық IPO жағдайында сатуға акцияларының толық немесе бақылау пакетін мемлекет иеленетін кәсіпорындар шығарылады.

2. Халықтық IPO қандай себептермен өткізіледі?

Халықтық IPO өткізудің бірнеше себептері бар:
• табысты кәсіпорындардың акцияларын иелену азаматтарға олардың дамуынан және өсуінен табыс алу мүмкіндігін береді. Бұл акциялар бағасының өсуінен және дивиденттерді төлеу есебінен жүзеге асады;
• Халықтық IPO қор нарығын дамытуға ықпал етеді. Мемлекет халыққа табысты кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға мүмкіндік бере отырып, инвесторлар ортасын кеңейтеді. Акцияларға сұраныстың көбеюі олардың өтімділігінің өсуіне әкеліп, ол өз кезегінше бағалы қағаздар нарығының дамуына жағымды әсер етеді;
• Халықтық IPO барысында тартылған қаражаттарды мемлекеттік компаниялар өзінің әрі қарай дамуына, активтерді алуға, өндірісті кеңейту және жаңалауға инвестициялай алады.

3. Халықтық IPO қандай мақсатпен өткізіледі?

• «Қазақстандағы халықтық IPO мақсаттары болып жергілікті қорлар нарығын дамыту табылады…» (Кәрім Мәсімов).
• «Қазақстандағы халықтық IPO мақсаты – адамдардың елдің экономикасын дамытуға қатысуы» («Самұрық-Қазына Халықтың әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры Питер Хауз).

4. «Халықтық IPO» Бағдарламасын кім жүзеге асырады?

«Халықтық IPO» Бағдарламасы «Самұрық-Қазына» ХӘҚ» АҚ және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырысымен Қазақстан Республикасының сауда және экономиканы дамыту Министрлігімен әзірленіп, жүзеге асырылады.

5. Халықтық IPO өткізгеннен қандай нәтижелер күтілуде?

• «…акцияларды бастапқы орналастырудың нәтижелері болып акция бағасының көлемінен үнемдеудің дамуы өсе бастауы табылатын болады. Бұл Қазақстанның дамуында стратегиялық негізгі қадам болып табылатын экономикаға әсер етеді.» («PricewaterhouseCoopers» Компаниясы Басқарма Төрағасының Бизнесті дамыту бойынша Орынбасары Дональд Алмейда).
• Халықтық IPO елдегі бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына түрткі болып, халықтың жинаған қаражаттарын көбейтуге және диверсификациялауға, қазақстандықтар арасында бағалы қағаздарға инвестициялау мәдениетін құруға, ірі отандық компаниялардың тиімділігі мен айқындығын арттыруға мүмкіндік береді.

6. Халықтық IPO Бағдарламасына қатысу Қазақстан азаматтарына не береді ?

«Халықтық IPO жүздеген мыңдаған қазақстандықтарға ірі кәсіпорын акцияларын иелену мүмкіндігін және жинаған қорларын көбейту және инвестициялау құралын береді.» (Нұрсұлтан Назарбаев).

7. «Халықтық IPO» Бағдарламасының қатысушылары?

• "Самұрық-Қазына" ХӘҚ» АҚ және Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі - бағдарламаның әзірлеушісі және жүзеге асырушысы;
• Бағалы қағаздар эмитенттері – акцияларын Қазақстан Республикасының халқы сатып алатын және Бағдарламаға қатысу үшін мұқият іріктеу арқылы белгіленген акционерлік қоғамдар.
• Инвесторлар – Бағдарлама аясында орналастыру жағдайында акцияларды сатып алуға ерекше құқық берілетін Қазақстан Республикасының азаматтары.
• "Қазақстандық Қор Биржасы" (KASE) АҚ – Бағдарламаның техникалық, технологиялық және ақпараттық қолдауы;
• Брокерлік компаниялар (соның ішінде «Seven Rivers Capital» АҚ) – Бағдарламаны жүзеге асыру барысында халыққа акцияларды сату қызметін көрсетеді;
• "Қазпошта" АҚ – Бағдарламаның ресми трансфер-агенті. Пошта бөлімі арқылы брокерді таңдап алуға және онымен шарт жасасып, акцияларды сатып алуға тапсырыс беруге болады.

8. Эмитенттерді халықтық IPO бағдарламасына шығару кестесі?

• 2012 жыл – "ҚазТрансОйл" АҚ

• 2013 жыл – "KEGOC" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "ҚазТрансГаз" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Казтрансморфлот" ҰТКК"АҚ

• 2014 жыл – "НК "Қазақстантеміржолы" АҚ , "Қазтеміртранс" АҚ

• 2015 жыл - "Қазатомпром" АҚ, "ҚазМұнайГаз" АҚ.

9. «Халықтық IPO» Бағдарламасы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

• Халықтық IPO жөніндегі ақысыз вебинарларды өткізетін Алматы қ. Аймақтық қаржы орталығы Академиясы (сілтеме: http://ipo.kudiyarov.net/);
• Халықтық IPO веб-сайты http://www.halyk-ipo.kz/.

10. «Халықтық IPO» Бағдарламасына қатысу үшін Қазақстан азаматына (Инвесторға) не керек?

• Брокерді таңдап, онымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызметтер көрсету жөніндегі Шарт жасасу;
• Инвестор қол қойған Брокерлік қызмет көрсету жөніндегі Шарт негізінде Брокер Бағалы Қағаздардың Депозитарийі Орталығында ашатын дербес шотқа ақша қаражаттарын аудару (қаражатты аудару деректемелері Брокермен беріледі);
• Брокер арқылы акцияларды сатып алуға тапсырыс беру.


 

кері байланыс
*-толтырылуы міндетті жолдар